KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Еуропа кинематографының 5 жаңа жұлдызының ішінде"Уроки гармонии" фильмінің продюсері мен қоюшы операторы бар

28.05.2013, 18:00 116


66- Канн кинофестивалі шеңберінде беделді американдық жорнал The Hollywood Reporter еуропа кинематографының 5 жаңа жұлдызының есімін жариялады. Тізімге қазақстандық "Уроки гармонии" фильмінің продюсері Анна Качко мен қоюшы операторы Азиз Жамбакиев кірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі "Қазақфильм"киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, Берлинде өткен кинофестиваль кезінде The Hollywood Reporter жорналы жас режиссер Эмир Байғазиннің "Уроки гармонии" туындысын жоғары бағалаған болатын.

Еуропа кинематографының 5 жаңа жұлдызының ішінде"Уроки гармонии" фильмінің  продюсері мен қоюшы операторы барБаспа лентаны сирек кездесетін сәтті дебюттік жұмыс деп атап өткен-ді. Рецензияда жас оператор Азиз Жамбакиев «қатал қазақ пейзаждарының ойлы сұлулығын» асқан дәлдікпен жеткізе білген деп жазды.

18 мамырда "Уроки гармонии" фильмінің көрсетілімі Канна кинофестивалінде өтті. Кинорыноктың мақсаты халықаралық дистрибьюторлар үшін коммерциялық потенциалы мықты қызықты фильмдерді анықтау еді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив