KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
459.75 494.14 5.54

ШҚО Үржар ауданында нөсерлі жаңбырдың салдарынан өзендер арнасынан шығып, жолдарды шайып кетті

21.05.2013, 18:00 203


ШҚО Үржар ауданындағы Келдімұрат және Қаратұма ауылдық округтерінде нөсерлі жаңбырдың салдарынан өзендер арнасынан шығып, жолдарды шайып кетті. Алайда елді мекендерді су алып кету қаупі жоқ деп хабарлады облыстық ТЖД-нің мамандары, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Облыстық ТЖД-нің баспасөз мәліметінде көрсетілгендей, Келдімұрат ауылына кіре берісте Келдімұрат өзені ернеуінен асып, елді мекенді аудан орталығымен жалғастыратын жолдың бөлігін су шайып кеткен. Жайылған судың ені 10 метр, тереңдігі 2 метрді құрады. Ауыл тұрғындарына орталыққа Көктерек ауылы арқылы баратын жол бар.

ШҚО Үржар ауданында нөсерлі жаңбырдың салдарынан өзендер арнасынан шығып, жолдарды шайып кеттіҚаратұма ауылдық округінде де қалың жаңбыр суы елді мекенді аудан орталығымен жалғастыратын жолды басып қалған. Бұл жерде жайылған судың ені 12 метрге жетті, тереңдігі 2 метр. Қаратұмалықтар орталықпен айналмалы жол арқылы қатынасуда.

Екі жолдың бойында да полиция және әкімдік қызметкерлерінен пост қойылған.
Жаңбыр суы басылғасын ауданның күшімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Төтеншеліктердің айтуынша, елді мекендерді су басып қалу қаупі жоқ.

Суреттер облыстық ТЖД баспасөз қызметінен алынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив