KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚ облысында мас күйде автокөлік басқарған екі полицей қызметінен қуылды

20.05.2013, 18:00 64


ШҚО ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан жол қозғалысы ережелерін, қызметтік автокөлікті қолдану ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері Өскемен мен Семей қалаларында 33 рейдтік іс-шара жүзеге асырды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Ведомствода хабарлағандай, өткізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзған 46 қызметкер анықталды, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал мас күйде автокөлікті басқарған екі қызметкер ІІД тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша ішкі істер органдарынан қызметтен босатылды. 4 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Барлық анықталған фактілер офицерлік және полицейлік жиналыстарда талқыланды.



Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив