KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

Әйелдер қауымы әрқашан да белсенді

19.05.2013, 18:00 194


Өскемен қаласында «Status» әйелдер федерациясының бастамасымен «Гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыруға арналған шарттарды қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер ісі және жанұялық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық және қалалық комиссияның және Фридрих Эберт қорының қолдауымен өткен бұл шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев қатысты.

Дөңгелек үстелдің дәл біздің облыста өтуі де кездейсоқтық емес. Өскеменде 2004 жылдан бастап экономика және бюджеттік жоспарлау органдары және депутаттар мен ғалымдардың қатысуымен гендерлік мәселелер жөнінде ең алғашқы бастамалар көтерілген болатын.

Семинар барысында аймағымыздағы, жалпы, еліміздегі әйелдер қауымына қатысты көптеген мәселелер талқыланды. Гендерлік саясатты жетілдіру жолында қажет болатын арнайы тетіктер мен механизмдер қарастырылды.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив