KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Жамбыл атындағы облыстық драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен аудандарда болды

12.05.2013, 18:00 221


Көкпекті және Самар ауылдарына Өскемен қаласынан Жамбыл атындағы драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әртістер «Әй, Мұстафа, Мұстафа!» атты қойылымды сахналады. Аталған қойылымның өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі зор болды. Қоғамды аздыратын екіжүзділік, мансапқорлық, парақорлық сияқты келеңсіз дүниелерді әртістер шынайы түрде сахналап, көрерменге ой салды.

Қойылымның режиссері – Сырым Асқаров. Ұжым бұған дейін театр өнеріне сусап қалған Катонқарағай, Зырян, Зайсан, Тарбағатай аудандарын аралап, халықтың ілтипатына ие болып келе жатыр.

Көкпектілік көрермендер де театр ұжымына қошемет көрсетіп, олардың еңбектеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив