KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Өскемен қаласында екі бойжеткен бейтаныс жігітті тонап кетті

2.05.2013, 18:00 164


Өскемен қаласында екі бойжеткен бейтаныс жігітті тонап кеткен. Бұл туралы полиция қызметкерлеріне жәбірленушінің өзі хабарлапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз-қызметінің маманы Л.Уалканованың берген мәліметіне сілтеме жасап.

«Кешке қарай «102» нөміріне телефон шалған жас жігіт Астафьев көшесіндегі аулада шабуылға тап болып, тоналғанын баяндады. Оқиға орнына келген КПБ қызметкерлері бірлесіп ішімдік ішкеннен кейін екі бейтаныс бойжеткен Ю. есімді азаматты соққыға жығып, оның ұялы телефонын, алтын жүзігін және аяқ киімің ұрлап кеткенін анықтады.

Жедел іздестіру-тергеу жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері 1986 және 1989 жылы туған екі бойжеткенді ұстады. Күдіктілерден табылған ұрланған заттар тәркіленді. Бойжеткендер қылмыстарын толық мойындап отыр.Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген ШҚО ІІД баспасөз-қызметі таратқан хабарламада.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив