KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Евразия» бірінші телеарнасы» 9-мамырда аты аңызға айналған Халық қаһарманы Қасым Қайсенов туралы әскери экшн көрсетеді

1.05.2013, 18:00 196


9-мамырда «Евразия» бірінші телеарнасынан» «Қасым» атты фильмнің 4 сериясы бірдей көрсетіледі. Әскери драма жанрында қойылған кинотуынды халық батыры Қасым Қайсеновтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктерінің бірі жайында әңгімелейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Фильмнің режиссері - ресейлік мастер Леонид Белозорович («Ундина 2», «На гребне волны», «Катенька», «Белые одежды», «Институт благородных девиц», «Черная богиня» және басқа да киноленталардың режиссері).

«Евразия» бірінші телеарнасы»  9-мамырда аты  аңызға айналған              Халық қаһарманы Қасым Қайсенов туралы әскери  экшн көрсетедіҚасымның рөлін Қуанышбаев атындағы астаналық театрдың актері Қуандық Қыстықбаев сомдады. Картинада сонымен қатар Владимир Гостюхин, Михаил Евланов, Александр Лыков, Александр Петров, Мария Луговая сияқты белгілі ресей артистері де ойнайды.

Леонид Белозорович фильмді түсіру барысында көрнекі айқасу сахналары, лирикалық сюжет, арнайы жарқыл беру сияқты заманауи кинематографтың барлық айла-тәсілдерін қолданған. Сценарийін жазған драматург Андрей Курейчик.

Телесериалдың негізгі көріністері Украинаның Чернигов облысында түсірілді.

Фильмнің өндірушілері: «Евразия» бірінші телеарнасы», «Қазақстан», «КТК» телеарналарымен бірге INTRA Communication LTD (Ресей) және FILMUAGROUP (Украина).


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив