KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Шығыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тегін қызмет көрсету акциясы басталды

29.04.2013, 18:00 208


Шығыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68-жылдығын мерекелеу қарсаңында облыстың емдеу мекемелерінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тегін қызмет көрсету акциясы басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

29-сәуірден бастап дәрігер мамандар төсектен тұра алмайтын, қозғауға келмейтін соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендерді, тыл ардагерлерін тұрғылықты жерлері бойынша тегін тексеруді бастады.

Жоғарыда айтылған санаттарға жататын тұрғындар сараптама тапсырып, ЭКГ зерттеуінен өте алады.

Ал 2-мамырдан бастап ШҚО-ның барлық емдеу-профилактикалық ұйымдарында Ашық есік күндері өткізіледі. Жүре алатын соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, тыл ардагерлері отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның жолдамасы бойынша тегін тексеріледі.

«Оларды сирек кездесетін мамандар қабылдап, УДЗ, ЭКГ, басқа да зерттеулерді тегін жүргізеді. Тегін тексерілуге жататын санаттағы тұрғындар бекітілген емдеу мекемелерінен ашық есік күні шарасының өткізілу уақытын анықтап алғандары жөн» деп ескертеді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бөлім меңгерушісі Руслан Карпович.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив