KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Аягөз ауданындағы ата-анасыз 40 баланың арнайы есеп-шоттарына 2 миллионға жуық қаражат аударылды

29.04.2013, 18:00 208


Аягөз ауданында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейірім» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Акцияға мектеп ұжымдары, ата-аналар, үлкен жүректі азаматтар мен кәсіпкерлер атсалысты. Арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып, онда қолөнер бұйымдары, суретшілердің туындылары сатылымға қойылды.

Сондай-ақ, өз үлестерін қосам деген атымтай азаматтар да акциядан қалыс қалмады. Түскен қаражат аудандағы ата-анасыз 40 баланың арнайы есеп-шоттарына аударылды. Қорға 1 миллион 814 мың теңге жиналды.

Аудан көлемінде екінші рет өтіп отырған акцияға үлес қосқан азаматтарға облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова ризашылығын білдіріп, марапат жасады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив