KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, ОБ
479.23 534.96 5.16

Өңірдің жұмыссыздық көрсеткіші республикалық деңгейден әлдеқайда төмен

24.04.2013, 18:00 305


Шығыс Қазақстанда 2013 жылдың 1-тоқсанында еңбекақы мөлшері өсіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Алайда тауарлардың бағасы қымбаттағаны байқалады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында облыстық статистика департаментінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Департамент жетекшісі Әлібек Мақажанов пен салалық басқармалардың басшыларының айтысына қарағанда, аймақта экономика мен әлеуметтік салалардың өркендеуі аңғарылады.

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі айтарлықтай артқан, әсіресе, өңдеуші және кен шығару салаларында. Аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі бір жарым есе өскен. Азық-түлік пен өнәркәсіптік тауарлар, қызмет көрсету және өнеркәсіптік өнімдердің бағасы қымбаттаған.

Орташа айлық еңбекақы 88904 теңгені құрады. Облыс жалақыны уақытында төлеу жағынан республикада оныншы орында тұр. Шағын бизнестің үлесінің аздап болса да артқаны байқалады.

Инвестициялық салымдардың мөлшері бір жарым есе өсті. Қаржы негізінен өнеркәсіп, көлік, денсаулық және әлеуметтік қызмет көрсету салаларына құйылды. Өңірдің жұмыссыздық көрсеткіші республикалық деңгейден әлдеқайда төмен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив