KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Өткен жылы Шығыс Қазақстанға жарты миллионға жуық турист келді

17.04.2013, 18:00 188


2012 жылы Шығыс Қазақстанға ұзын саны 403 396 турист келіп кеткен. Бүгінгі таңда біздің облыс саяхат жағынан Қазақстан бойынша саяхатшыларға қызмет көрсетуден Астана мен Алматыдан кейін үшінші орында тұр.

Өткен 2012 жыл бойынша көрсетілген қызмет көлемі 3 млрд теңге, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 13,4 пайызға артқан. Бұл туралы ШҚҰО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Әбіл Дөңбаев облыстық әкімдік отырысында айтты.


Шығыс Қазақстан облысы көршілес Ресей, Моңғолия, Қытай мемлекеттерімен бәсекелесе алады. Аталған елдер Алтай аймағы бойынша туризм индустриясын дамытуда белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

Дегенмен, қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысы қолда бар әлеуетін толық пайдалана алмай отыр. Кластер жұмысының нашарлығының себебі - бәсекелік ортаның жоқтығы, осы экономикалық салаға деген түсініктің осалдығы, жиі және заңнамалық әкімшілік кедергілердің болуы (кедендік және шекаралық), жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс көңіл бөлінбеуі.

Мысалға, тек Қазақстанға ғана емес, табиғаты мен пантоемдеу индустриясымен әлемге танымал Катонқарағай ауданы аудандық-туристік кластерін құруда толық шаралар атқарған жоқ. Ал бұл өңір көптеген шетел туристерінің сүйікті демалыс орнына, экологиялық туризмнің Меккесіне айналуына мүмкіндігі зор. Мысалы, 2012 жылғыстатистикалық көрсеткіштерге сүйене алсақ, Катонқарағай ауданына 1340 адам (0,3%), мұндағы 6 адам ғана ҚР-ның резиденті емес, ал Үржар ауданына (Алакөл көлі) келушілер саны 82 мың адамды құраған.

Осыған ұқсас жағдай Абай ауданында да («Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалды қорық-мұражайы) көрініс тапқан. 2012 жылғы статистикалық көрсеткіш бойынша 186 адам, Бесқарағай ауданында (сұлу табиғатқа бай орманды алабтар, Шошқалы көл тұзы көлі) – 109 адам; Тарбағатай ауданы (Ырғызбай ата кесенесі, Зайсан көлі, «Пылающие Адыры» табиғат ескерткіші, ерекше қорғауға алынған табиғат орындары) – 306 адам; Көкпекті ауданы - (Бұқтырма су қоймасы, ерекше қорғауға алынған табиғат орындары, Құлынжүн мемлекеттік табиғи қорығы) – 1498 адам; Бородулиха ауданы (ерекше қорғауға алынған аймақтар) – 346 адам; Курчатов қаласы (ҰЯО, полигон) – 451 адам.

Өкінішке орай, аталған фактілер мамандардың жетіспеушілігінен туындауы да мүмкін. Туризм саласында жұмыстарды үйлестіру үшін штаттық бірліктер бөлінбеген, басқа аймақтармен салыстырғанда облыста бағдарламалық бастамалары мен үйлестіру жұмыстарын екі әкімшілік мемлекеттік қызметкер ғана атқарып отыр.

Сапалы қызмет пен қолайлы жағдай, облыстың инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаржылық және адам ресурстарын бөлу мен сапалы орындалуы үшін мамандарға деген қажеттілік маңызды мәселердің бірі екенін айта кеткен жөн. Көтерілген мәселе шұғыл шешімін табуы қажет деп ойлаймын.

Уақытша қиыншылықтарға қарамастан, аймақтың туристік саласын әрі қарай дамыту және тиісті инвестиция тартуға зор мүмкіндіктер туғызатын стратегиялық құжат алуға бағытталған Шығыс Қазақстан облысының туризм саласының кластерлік даму бағдарламасының Шебер-жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Қ. Танысбаевтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысынан 5 адамнан құралған ғылыми сарапшылар, туризм саласының өкілдерінің қатысуымен жұмыс отырысы болып өтті. Талқылау қорытындысында комитет пен «КИДИ» АҚ тарапынан аталған Шебер-жоспарға реттеулер жүргізілетін болды.

Шебер-жоспар шеңберінде 3 негізгі жоғарғы басымдылықтағы туристік кластер анықталды: Ертіс өзені-Бұқтырма суқоймасы-Зайсан көлі өңірі Песчанка көлі жағалауындағы демалыс; Катонқарағай-Марқакөл көлі өңірі Шыңғыстай тауындағы жаздық және қыстық демалыс пен қоршаған жергілікті орта; Иван тауы өңірі Риддер – Анатау-Алатау тауындағы жаздық және қыстық демалыс. Сондай-ақ, екі қосымша кластерлер анықталды: 1) Алакөл көлі; 2) Семей-Сарыарқа жазығы бойынша турлар;

Саланы автокөліктік, инженерлік, «жұмсақ инфрақұрылыммен» қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылға дейінгі ҚР туристік саласын дамыту Тұжырымдамасы туризм индустриясының дамуына өз әсерін тигізеді.

Алдағы уақытта жоспарланып отырған «EXPO-2017» көрмесін өткізуді ескере отырып, ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, проблемалық мәселелерді шешу амалдарын жоспарлап отыр:

Біріншіден, 2013 жылға арналған ШҚО-ның туристік өнімін қалыптастыру мен ілгерілету бойынша Іс-шаралардың Кешенді жоспарын жүзеге асыру; Екіншіден, Жағажайлық туризмді ұйымдастыруға арналған су қорларын қалыпқа келтіру мақсатында, Басқарма тарапынан Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында туризм саласын дамыту үшін нормативтік талаптарды әзірлеу мен дайындау бойынша жұмыс тобы құрылды. Келешекте жұмыстар жүргізілу мақсатында жұмыс тобының көмегімен жағажай классификациясының жүйесі әзірленді. Мәжілістің кезекті отырысында қаралу үшін, барлық материалдар қалалар мен аудандар әкімдіктеріне жолданды.

Үшіншіден, «Туризм. Саяхат. Демалыс.» аймақтық көрмесі өңірден-өңірге ауысып өткізіліп отыратын көрме ретінде жоспарлануда. Бұл қалалар мен аудандар әлеуетін толық деңгейде көрсете алады. Ағымдағы жылы Ресей Федерациясы, Қытай, Моңғолия, мемлекеттері, көрші облыстар мен Қазақстанның ірі туристік ұйымдары өкілдері қатысады.

Төртіншіден, әраймақтарда өткізу жоспарланған қысқы және жазғы туристік маусымның ашылуын дәстүрге айналдыру. Жоба мәдени-сауықтыру (қазақстандық жұлдыздар концерті, КТК-ы, спектакльдер, цирк өнері, айтыс, бард орындаушыларының конкурсы), спорттық (спорт түрлерінен әлем чемпионаттары), танымдық (ақпараттық турлар, экскурсиялар, мастер-кластар оқыту, атақты тұлғалар дәрістері) шаралардан тұратын,2-5 күн аралығына созылатын кең көлемдегі имидждік шара болып табылады. Аталған шарада облыстық қолөнершілер, халық шеберлері, зергерлер мен облыстың брендтік өнімдері көрсетіледі.

Бесіншіден, халықаралық нарықта туристік өнімдіілгерілетуде Шығыс Қазақстан облысының туристік компанияларының қатысуын ынталандыру бойынша жұмыстар жасалуда;

Алтыншыдан, туристік кластерді құрудың маңыздылығын ескере отырып, институттық құрылымды қатайту қажетдеп санаймыз. Қазіргі күні туризм саласының қызметі кеңеюде. Осыған байланысты, туризм саласының басқармасын құру, сонымен қатар, қалалар мен аудандарда туризм саласымен айналысатын жауапты қызметкерлерді анықтау мәселесін қарастыруды қажет деп санаймыз.

Мәлімет көзі: ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив