KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1,8 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қиял әлеміне саяхат

17.04.2013, 18:00 170


Семей қаласындағы «Жас жұлдыз» балалар орталығында Затон аймағы мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында «Қиял әлемінде» атты сайыс өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі балалар орталығының баспасөз қызметіне жүгініп.


Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пейзаж жанрында қағазбен жұмыс істеу технологияларын қолданып үйрену мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 6 мектептен 12 оқушы қатысты.

Жарыс шарты бойынша белгіленген уақыт ішінде әр қатысушы қағаздан әр түрлі жапсырулар жасауға тиіс еді. Балғындардың туындыларын орталықтың қосымша білім беру педагогы Н.Тәшімова төрелік еткен қазылар алқасы бағалады.

Бірінші орынға №25 меетептің оқушысы А.Әжікенованың жұмысы лайық деп танылды. 2 орынды Гудинова ( №40 мектеп), А.Жұмабекова, ( №26мектеп), А.Қайратова (№26 мектеп) бөліссе, 3 орынды №18 мектептің оқушылары А.Рыбалкина, А.Виноградова, №8 мектептен А.Төлеугазина иеленді.

Сайыс жеңімпаздарына балалар орталығының дипломдары тапсырылса, ал қалған сайыскерлер белсене қатысқаны үшін марапатталды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив