KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Кәсіпкерлер белсенділік танытып отыр

17.04.2013, 18:00 127


Глубокое ауданындағы тірек ауылдарының бірі - Черемшанкада шағын және орта бизнес айтарлықтай дамып келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Былтыр «Юккор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағаш өңдейтін жаңа кәсіпорынды іске қосты. Осы кәсіпорынның самырсын майын айыратын цехы да жұмыс істеп тұр.

«Кеңес и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінен орманнан ағаш дайындап, оны өңдеумен айналысады. Былтыр бұл серіктестік мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында «Алтын бесік» балалар бақшасын ашып, 26 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Биыл тағы 40 бүлдіршінді қабылдау үшін балабақшаны кеңейту жұмыстарын жүргізбекші. Сондай-ақ, тәулігіне бір мың бөлке нан пісіретін наубайхананы іске қосып, 12 адамды жұмысқа қабылдады.

Андрей Рыгалов пен Александр Каменев құс өсіру, Евгений Евченко шошқа шаруашылығын дамыту үшін несие алып, бастаған істерін өркендетумен айналысуда.

Ал жеке кәсіпкерлер Наталья Павлова өндіріс тауарлары дүкенін, Сергей Зиновьев аралас тауарлар дүкенін, Вера
Евченко күре жолдың бойында кафе салып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив