KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Шығыс Қазақстанда ұмыт бола бастаған «Құстар фестивалі» қайта жанданды

16.04.2013, 18:00 188


Облыс орталығында ұмыт бола бастаған «Құстар фестивалі» атты ерекше іс-шара өтті. Оны Өскемендегі оқу-зерттеу экобиоорталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш фестиваль халықаралық құстар күніне орайластырылып өт-кізілгенін атап өткен жөн. Жалпы, әлемде құстар күні осымен 219 жыл қатарынан аталып келеді.

Шара аясында өскемендік орнитологтар (құстарды зерттейтін ғалымдар) қала мектептерінің оқушыларымен кездесіп, құстар жайындағы қызықты мәліметтерімен бөлісті. Мамандар мұн-дай іс-шараны өткізу арқылы бұқара мен биліктің назарын аймағымыздағы сирек кездесетін құстарды қорғау мәселесіне аударуға болатынына сенімді. Бүгінде елімізді мекендейтін 490 құс түрінің 390-ын біздің облысымыздан кездестіруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын облыс орталығында қаланы тазартып, абаттандыру жұмыстары қолға алынған-ды. Осы жұмыстардың аясында қазіргі уақытқа дейін жүзден астам шырша және емен ағаштарының түптері отырғызылды. Маусым соңына дейін мұндай көшеттердің саны мыңдап саналмақ.

– Мұның бәрін қаламызға құстар келсін және олардың ұя салатын жерлері болсын деп істеп отырмыз, – дейді Өс-
кемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев.

Нұржан Кенжеұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив