KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Лайықты жобаның жоқтығынан мемлекеттік гранттар басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін

8.04.2013, 18:00 173


Мамыр айынан бастап аудандарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының арнайы автобусы шығарылып, кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында қордың бас менеджері Мұрат Акенев шағын және орта бизнестің мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдеді.
Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге енді мемлекеттік грант – қайтарымсыз қаржы берілетін болып отыр.

Бірақ Мұрат Акеневтің сөзіне қарағанда, мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдау мен қаржылай көмекті алуға ынта білдіруші кәсіпкерлер өте аз көрінеді. Ниет білдіріп жатқандары талапта көрсетілгендей, елге қажетті, инновациялық жобалар жасаудың орнына «печенье шығарсам...» деген тәрізді сұраныс тудырмайтын, салмақсыз жобаларды ұсынуда.

Таңдау аз болса, облысқа, халыққа керекті жобаға тиесілі қаржыны басқа жобаға жұмсауға тура келмек. Лайықты жобаның жоқтығы гранттардың нағыз иесін табуына осылайша өз кедергісін келтіруде.

Осы орайда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев шағын кәсіпкерлікті дамытуда беріліп отырған барлық мүмкіндіктерді, барлық бағдарламаларды тиімді пайдалану қажеттігін атап айтты.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив