KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Құрылыстың тасбақа жүрістен айнымауы мердігерлердің жауапсыздығынан болып отыр

7.04.2013, 18:00 168


Өскеменде салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарының басында болып, ондағы жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осындай сын айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығында неше жылдан бері салынып жатқан, бүгінде «сақалды» құрылысқа айналған қан орталығында болған өңір басшысы мердігер компанияның іс-әрекетін қатты сынға алды.

Аймақ басшысының айтуынша, өз шама-шарқына қарамай, бірнеше нысан құрылысын қатар алатын компаниялар артынша жұмысты уақтылы бітіруге жұмысшылары да, уақыты да жетпей, әуре-сарсаңға түседі.

Облыс әкімі қазіргі уақытта Манарбек Құмаров басшылық ететін «Құмаров және К» компаниясының қарамағындағы бұл құрылыстың тасбақа жүрістен айнымауы да жоғарыда айтылған мәселенің салдарынан орын алып отырғанын тілге тиек етті.

Сын-ескертпелерден қорытынды шығармаған мердігерлер келесі жолы құрылыс жұмыстарына жіберілмейтіндерін баса айтты Б.Сапарбаев.

Нұржан Кенжеұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив