KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Семейлік артистер Астанаға гастрольге аттанбақ (+сурет)

6.04.2013, 18:00 207


Семей қаласындағы Ф.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театрының труппасы 18-20 сәуірде Астана қаласында өтетін гастрольге дайындық үстінде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Көктемнің шуақты күндерінде семейлік артистер Астананың әр жастағы тұрғындары үшін бірнеше қойылым көрсетпекші: кішкене театралдар үшін «Волшевная хлопушка», ересектерге арналып «Гибель Отрара» поэтикалық спектаклі және «Он үшінші жұлдыз» атты аңыз сахналанады.

«Гибель Отрара» қойылымын алғашқылардың бірі болып 18-сәуірде Гумилев атындағы университеттің студенттері Тұңғыш Президенттің залының төрінде тамашалайды. Труппаны ЖОО-ның ректоры Ерлан Сыдықов арнайы шақырып отыр. 19-20-сәуірде осы туынды М.Горький атындағы орыс театрының сахнасында көрсетіледі.

Семейлік артистер Астанада осымен екінші рет өнер көрсетпекші. Осыдан 2 жыл бұрын Шығыс Қазақстанның Астанада өткен күндерінде Мольердің «Лекарь поневоле» пьесасын мәскеулік режиссер Михайл Али-Хусейннің қойылымымен ұсынған болатын.
Семейлік артистер Астанаға гастрольге аттанбақ (+сурет)
Семейлік артистер Астанаға гастрольге аттанбақ (+сурет)
Семейлік артистер Астанаға гастрольге аттанбақ (+сурет)
Семейлік артистер Астанаға гастрольге аттанбақ (+сурет)
А.Биданова

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив