KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Зырян қаласында ең заманауи перзентхана салынады

3.04.2013, 18:00 219


Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян қаласында 55 орындық ең заманауи перзентхана салынады. Жаңа нысанның құрылысына республикалық қоржыннан 207 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандағы қазіргі перзентхананың ғимараты 1953 жылы салынған. Зыряндықтар қазіргі заман талабына сай емдеу орнына бұрыннан зәру болатын. Жаңа перзентхананы 14 айдың ішінде пайдалануға беру жоспарланған.

«Мұндай перзентхана облыстың басқа бір де бір елді мекенінде жоқ. Біздің мекеме заманауи құралдармен жабдықталған Шығыстағы бірінші, республика бойынша екінші емдеу орны болады» дейді аудандық құрылыс бөлімінің бастығы Ольга Кашун.

Жаңа перзентханада 70 адам жұмыспен қамтылады. Жобалаушылардың айтуынша, үш қабатты ғимаратта қабылдау, жүктілік патологиясы, босану, босанудан кейінгі бөлімдер және операция бөлмесі орналасады. Әр палатада жуынатын бөлме мен әжетхана болады.

Емдеу мекемесінің тағы бір ерекшелігі – мұнда «таза бөлмелер» қарастырылған. Ондай бөлмелерде ауаның ылғалдағы мен температурасы қатаң бақыланып тұрады, герметикалық төбелер мен антистаттық едендер басқа жақтан инфекциялардың енуіне жол бермейді екен. Ал перзентхана қызметкерлерінің өздері «таза бөлмелерге» санитарлық тексеруден өткен соң ғана кіре алады.

Жас аналарға қолайлы болу үшін 7 лифт орнатылады.

Құрылыс жұмыстары қаражат республикалық бюджеттен бөлінісімен басталады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив