KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Тарбағатай ауданында «Мейірім» акциясы аясында жиналған қаражат жетім балалардың есеп-шотына аударылды

2.04.2013, 18:00 411


Тарбағатай ауданында «Мейірім» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында жиналған 1 994 300 теңге аудандағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» акционерлік қоғамындағы есеп-шоттарына аударылатын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар «Мейірім» акциясы аясында аудан мекемелері ШҚО «Балалар ауылының » 15 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілерін патронаттық тәрбиеге алуға әлеуметтік келісім-шартқа отырды.

Тарбағатай ауданында «Мейірім» акциясы аясында жиналған қаражат жетім балалардың есеп-шотына аударылды

Осы балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жинақ жүйесі арқылы шешу мақсатында, Қазақстанның «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» акционерлік қоғамымен келісім-шарт жасалынып, балалардың есеп-шоттарына жиыны 1 337 046 теңге аударылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив