KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Неміс журналистері шығысқазақстандық ғалымдардың «Іргетас» лабораториялық зерттеулеріне қызығушылық танытып отыр

30.03.2013, 18:00 56


Неміс журналистері шығысқазақстандық ғалымдардың «Іргетас» инженерлік бағыттағы лабораториялық зерттеулеріне қызығушылық танытты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде болған «Wirtschafts Woche» апталығының шолушысы Флориан Виллерсхаузен мен фотокорреспондент Нильс Бреёр жоғары оқу орнында білікті техникалық мамандар даярлаумен қоса маңызды ғылыми-ізденіс жұмыстары жүргізілетініне қызығушылық білдірген. Экономика мен бизнес тақырыптарын қаузайтын журналистер өз басылымдарында қазақстандық жоғары оқу орны жайлы әңгімелемекші. Германиялық қонақтарды ШҚМТУ базасында жүргізілетін шығысқазақстандық ғалымдардың «Іргетас» инженерлік бағыттағы лабораториялық зерттеулері мен лабораторияның заманауи құралдармен жабдықталуы тәнті етті.

Флориан Виллерсхаузен білім ордасының ғылыми потенциалының жоғары және жүргізіп зерттеулерінің теңдесі жоқ екенін атап өтті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив