KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстан облысында баукеспе ұры жарты жыл көлемінде зейнеткерлердің саяжайларын тонап келген

27.03.2013, 18:00 142


Шығыс Қазақстан облысында жарты жыл көлемінде зейнеткерлердің саяжайларын тонап келген әккі ұры қолға түсті , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі берген мәліметтер бойынша, облыстағы саяжайлардың бірінің иелері көктем шыға қала сыртындағы үйлеріне келгенде оларды «тосын сый» күтіп тұрған. Тұрғындар үйлерінің есік-терезелері сынғанын, бағалы заттарының жоғалғанын байқайды. Көптеген саяжайшылардың электр құралғылары, ыдыс-аяқтары қолды болған. Ұры негізінен зейнеткерлердің үйлерін таңдағаны бірден көзге түскен.

Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырады. Нәтижесінде Өскемен қаласындағы Солжағалау тірек пунктінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсіреді. Ұсталған 52 жастағы К.деген азаматтың 1980-1990 жылдар аралығында аса ауыр қылмыс істегені үшін бас бостандығынан айырылып, түрмеде отырып шыққаны анықталады. Күдікті 2012 жылдың қазақ айынан бастап саяжай үйлерін тонаумен айналысып келген. Осы уақыт аралығында ол 120 мың теңгенің заттарын ұрлаған. Ұрланған заттар ішінара алынды.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив