KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
452.92 484.99 5.12

Бұқтырма су қоймасында 200 000 теңгенің балығын заңсыз аулаған қылмыскерлер қолға түсті

25.03.2013, 18:00 147


Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасының рұхсат етілмеген аймағында балық аулаған екі қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, полиция қызметкерлері ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарымен бірлесіп, заңсыз аймақта балық ұстаған Күршім ауданының екі азаматын қолға түсірген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыскерлер ұсталғанға дейін 596 келі шортан, 12 келі судак, 5,6 келі лещ, 2 келі карп аулап үлгерген. Келген зиян 200 000 теңгеден асып кетеді. Қолға түскендердің бірі – еш жерде жұмыс істемейтін 28 жастағы У. бұрын да заңсыз балық аулағаны үшін жауапқа тартылған. Оның сыбайласы 23 жастағы К. бұған дейін сотталмағанымен оның да еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды.

Зиянкестер балықты аумен аулаған екен. Олардан 8 дана ау алынды.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив