KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ басшылығына заңсыз ашылған ақылы тұрақ үшін айыппұл салынды

13.03.2013, 18:00 79


«Астана халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы маңайындағы көлік тұрағын ақылы етіп, жүргізушілерден күнделікті қолма-қол ақша алып отырған, деп хабарлайды Аltaynews.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Әуе көлік прокурорлары бұл өрескел заң бұзушылық екендігін айтуда. Ақылы автотұрақты ашуға әуежайдың рұқсаты болмаған. Қазір құзырлы ұйымдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бірнеше тармағы бойынша іс қозғап, әуежайға айыппұл салды.

Қаңтар айынан бастап «Астана халықаралық әуежайы» АҚ әкімшілігі көлік жүргізушілерінен 9,5 млн теңге жинап үлгерген. Мұнда кірген көлікке талон беріліп, сол арқылы әуежайдың ішінде орналасқан терминалға енгізі, ақша төлейсіз. Алексей әуежайға жиі келеді. Көлігін осы жерге қалдырып жүретін жүргізуші автотұрақтың ақылы екендігін естіп, таңқалғанын жасырмады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив