KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Семей қаласында отбасылық жанжал кезінде әкесі ұлын пышақтап салған

11.03.2013, 18:00 129


Семей қаласында отбасылық жанжал кезінде әкесі ұлын пышақтап салған. Зардап шеккен жігіт ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай отырыстар жанұяның дәстүріне айналыпты.

"Жұмыс күні бітіп кешкі асты бірге жиналып ішу ол әр отбасында қалыпытасқан дәстүр болар. Дәл осы отбасында да солай еді. Әкесі жұмыстан келген соң ұлы екеуі демалып, шарап іше отыра әңгіме думан құратын. Осындай кезекті кеште әкесі мен баласының әңгіме барысында дау шыққан. Ішімдікке тойып алған әкесі үстел үстінде жатқан асхана пышағын алған күйде ұлының кеуде тұсына сұғып алады. Қазір жәбірленуші ауруханада. Ал әкесі өз кінәсін мойындап отыр" делінген баспасөз парағында.

Қазір Семей қаласында осы қанды оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив