KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Ұлан ауданында биыл бірнеше мектеп салынады

5.03.2013, 18:00 193


Биыл Ұлан ауданындағы Привольное ауылында 180 орындық мектеп, Украинка, Жаңа Қанай, Айтықов ауылдарында
80 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ құны 249,8 млн. теңгені құрайтын Алғабас ауылындағы мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұған қоса Қасым Қайсенов кентіндегі орта мектепті қосымша білім мекемесіне лайықтап, қайта жаңалау жұмыстары жүргізіледі. Восточное, Жаңа Азовое ауылдарындағы және Огневка кентіндегі мектептердің шатыры қайта жаңартылады.

Ал өткен жылы Қасым Қайсенов кентіндегі жобалық құны 709,4 млн.теңгені құраған 600 орындық мектеп және Ново-Одесское ауылындағы жобалық құны 430,6 млн. теңгені құраған 130 орындық мектеп салынып, пайдалануға берілді.
Былтыр «Жол картасы» бағ-дарламасы аясында 31,8 млн. теңге қарастырылып, Айыртау ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің ғимараты жөнделді. Сонымен қатар алты мектептің шатырын қайта жаңа-лау жұмыстары жүргізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив