KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Келесі хоккей маусымына дейін "Казцинк-Торпедо" командасының құрама қайта жасақталуы мүмкін

21.02.2013, 18:00 191


Келесі хоккей маусымына дейін "Казцинк-Торпедо" командасының құрама қайта жасақталуы мүмкін.
Облыс әкімінің есептік кездесуінде Өскемен хоккей әуесқойлары клубының төрағасы Геннадий Корешков Бердібек Сапарбаевқа осындай өтініш білдірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өңір басшысы бұл ұсынысты толықтай қолдайтынын айтты.

"Жергілікті хоккей ұжымын қолдауға облыстық бюджеттен ақша бөліп, «Қазцинк» кәсіпорнынан да қаржы бөлуді сұраймыз. Жалпы алғанда, бүгіндері жер-жерде хоккей алаңдары мен модульдері өңірдің хоккейдегі бұрынғы даңқын қайтару үшін салынып жатыр. Сол нысандар дұрыс пайдаланылса ғана өз нәтижесін береді" деген Б.Сапарбаев мәселені келесі хоккей маусымы басталғанға дейін шешуге сөз берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив