KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Астана қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ V Қысқы спартакиадасы басталды

20.02.2013, 18:00 190


Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Ж.А.Смаиловтың қатысуымен V Қысқы спартакиадасы салтанатты түрде ашылды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс 21 және 22 ақпанда Астана қаласы ТЖД-нің спорт кешенінде өтеді. Спартакиадаға 18 команда қатысады, бұл 300- ден астам қатысушылар – аймақтық бөлімшелердің, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның қызметкерлері.

V қысқы Спартакиада бағдарламасында: шаңғы, үстел үстінде теннис, шахмат, волейбол, өрт сөндіру-құтқару сияқты спорт түрлері болады.

Спартакиаданың басты мақсаты – министрлік қызметкерлерінің дене дайындық дәрежелерін нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаппай спортты насихаттау, кәсіби спорт түрін дамыту болып табылады.

Спартакиада қорытындысы бойынша республикалық және әлемдік жарыстарға ең үздік дегендері іріктеліп алынады.

Астана қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ V Қысқы спартакиадасы басталды
Астана қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ V Қысқы спартакиадасы басталды
Астана қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ V Қысқы спартакиадасы басталды
Астана қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ V Қысқы спартакиадасы басталды
Астана қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ V Қысқы спартакиадасы басталды


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив