KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

"Берлинале" кинофестивалінде "Уроки Гармонии" фильмінің операторы Әзиз Жамбакиев үздік деп танылып, "Күміс аюмен" марапатталды

16.02.2013, 18:00 157


"Берлинале" кинофестивалінде "Уроки Гармонии" фильмінің операторы Әзиз Жамбакиев үздік деп танылып, "Күміс аюмен" марапатталды. Картинаның режиссері Эмир Байғазин, фильмді шығарған Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі .

«Қазақстанның 28 жастағы режиссері Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» картинасының операторы Әзиз Жамбакиев жоғары көркемдік жетістіктері үшін «Күміс аюмен» марапатталды», - деп хабарлайды фестивальдің ресми сайты.

«Мен өзімнің жақын досым, режиссер Эмир Байғазинге, продюсер Анна Качкоға, «Қазақфильмнің» директоры Ермек Аманшевқа даналықтары, жас кинематографистерге сенім артқандары үшін алғысымды білдіргім келеді, Барлықтарына көп рахмет!»- деді Ә. Жамбакиев, сыйлықты алып тұрып.
Бұл картина қазақстандық кинематографистердің Берлинале фестиваліне қатысқан алғашқы жұмысы.

63-халықаралық кинофестивалдің бас жүлдесі – «Алтын аюды» «Поза ребенка» (Румыния) драмасы әкетті, режиссері Калин Питер Нецер.

Айна Ескенқызы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив