KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Кеденшілер «жалған транзит» қылмыстық жүйесін әшкереледі

13.02.2013, 18:00 253


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қызметкерлері ұзақ уақыт әрекет етіп келген «жалған транзит» қылмыстық жүйесін әшкереледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР ҚМ КБК жұртшылықпен және БАҚ-пен байланыс бөлімі жолдаған мәліметке сүйеніп.

Контрабандалық жүйенің мәнісі – Түркиядан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасы арқылы жеткізілуге тиіс халық тұтынатын тауарлар шын мәнісінде біздің еліміздің аумағынан тыс шығарылмаған.

Осылайша, Маңғыстау облысының Кедендік бақылау департаментінің «Морпорт» кеден бекетінен Жамбыл облыстық Кедендік бақылау департаментінің «Қордай» кеденінің «Қарасу» кеден бекетіне жжөнелтілген тауарлар, жолда жоғалып отырған.

Алдын ала есептеулер бойынша мемлекет бюджетіне түспеген кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы көлемі шамамен 120 млн. теңгені құраған.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚМ КБК Ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК 209-бабының 1-тармағымен (экономикалық контрабанда) көзделген қылмыстың белгілері бойынша 15 қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта кеден органдарының лауазымды тұлғаларының осы қылмыстың жасалуына қатыстығы анықталуда. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив