KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

"Қаракөз" драма үйірмесі Мұқағали Мақатаевтың "Қош, махаббат" шығармасын сахналады

11.02.2013, 18:00 265


Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттік филармониясының «Қаракөз» драма үйірмесі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Қош, махаббат» атты ақынның өшпес туындысын сахналады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Қойылымға қаланың театр майталмандары, жоғарғы оқу орындарының басшылары, қала жастары мен институт студенттері жиналды.

2012 жылы жоғары оқу орнында өнерлі жастардың басын біріктіретін Студенттік филармония ашылып, «Қаракөз» драма үйірмесі соның құрамына енген болатын.
"Қаракөз" драма үйірмесі Мұқағали Мақатаевтың "Қош, махаббат" шығармасын сахналады
"Қаракөз" драма үйірмесі Мұқағали Мақатаевтың "Қош, махаббат" шығармасын сахналады
«Қош, махаббат!» шығармасы Студенттік филармония құрамындағы «Қаракөз» драма үйірмесінің тырнақалды дүниесі.

Студент жастар кәсіби актерлердей өз образдарын беріле әрі шынайы сомдап шықты. Студенттік филармонияның дарынды жастары өз қолымен жасаған сахна декорациясы, музыка, артқы фон өте тартымды және лезде ауысып отырды.

«Семей мемлекеттік педагогикалық институты білімді де білікті, рухани дүниесі бай жалынды жастарды тәрбиелуде, бүгінгі қойылым соның дәлелі. Жастарымыз қазіргі арзан кино, сериалдардан гөрі, осындай қойылымдарға жиі барып, рухани азығын байытуы қажет. Ел ертеңі – жастардың еншісінде. Актерларымызға - өнерлерің өрлей берсін, білімдерің шарықтай берсін!» деді институт басшысы Мақтағали Бектемесов қойылым соңында.

Анар Қуанғалиева

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив