Өскемен қаласында №47 маршруттың жүргізушісі Захаренко көшесі бойындағы аялдамаға соғылып, онда тұрған адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 8 жастағы ұл бала мен 14 жастағы қыз ауыр жарақаттармен ана мен бала орталығына жеткізілді. Тағы бір жолаушы, 47 жастағы әйел шынтағы мен иығынан жарақат алған. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz