KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Шемонайха ауданында үш мектеп карантинге жабылды

8.02.2013, 18:00 146


Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында үш мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы тілшіге облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде хабарлады.

Департамент мамандарының айтуынша, ауданда оқушылар арасында тұмау ауруы белең алған. Соның салдарынан аудандағы үш мектепте карантин жарияланды. Әзірге оқушылар бір апта көлемінде сабаққа бармайды.

Облыс көлемінде тұмауға шалдыққан 7 мыңнан астам науқас тіркелген.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив