KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

"Ярыш" командасының эмблемасы қайда?

6.02.2013, 18:00 221


Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасыңда «Мұхтар Әуезов және футбол» кітап көрмесі ашылды. Бұл мәдени шара Семей жеріндегі «Ярыш» - тұңғыш қазақ футбол командасының 100 жылдығына орай өткізіліп отыр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көрмеге жазушы М.Әуезовтың спорт саласының ішіндегі футбол өнеріне байланысты қызықты кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мақалалары қойылды. Оның ішінде жерлес жазушы Ө.Сұлтановтың «Мұхтар Әуезов және футбол» атты кітабы өте тамаша дерек. Мұнда әлемді мойындатқан данышпан жазушы М.Әуезовты қазақ жерінде құрылған тұңғыш футбол командасының ойыншысы болған, ұлттық ойындардың асқар тау қамқоршысы ретінде танылған тұлға екенін толық баяндаған.

Сонымен қатар Интернет жүйесінен алынған осы автордың Ө.Сұлтановтың «Кезінде құрамында жас Мұхтар Әуезов ойнаған «Ярыш» футбол командасының эмблемасы қайда?» атты құнды мақаласы да қойылды.Бұл мақалада М.Әуезовпен бірге ойнаған Ю.Нигматуллиннің туған қарындасы Нәйланың қызы Р.Нигматидің қолында «Ярыш» командасының эмблемасы сақтаулы екендігі жазылып, кейіннен ол кісінің Германияға кетіп, эмблеманың тағдыры беймәлім екендігін жазған. Ә.Ермырзаның Ертіс өңірінің 2013 жылы 16 қаңтарда шыққан «Қазақ футболының ғасырлық тойы» атты қызықты мақаласы көрме сәнін қызықтыра түсті.

Мұнда 2009 жылы Семейге Ұлыбританияның елшісі Пол Браммелдің сұхбатты сөзінде:«қазақтың ең атақты жазушысы М.Әуезовтың жас кезінде футболға қалай келіп, қалай ойнағаны қызықтыратынын» айтқан.Осы мақалада жазушы Д.Сейсеновтың Семей қаласы қазақ футболының отаны және оның М.Әуезов есімімен тығыз байланысты болғанын ағылшындар да мойындағандығын мақалалары да кездеседі. Орыс тілінде «Мухтар Ауэзов играл в футбол?» мақала мен айтулы жазушы М.Султанбековтың «Величие таланта Мухтара Ауэзова монография» атты кітабы қойылды.Бұл кітаптарда М.Әуезов және «Ярыш» футбол командасы туралы айтылады. Көрмеге 9 кітап, мезімді басылымдардан 2 газеттер мақаласы және Интернеттен 3 мақала алынып, қойылды.

«Мұхтар Әуезов және футбол» атты шарада М.Әуезовтың спорт өнеріне қатысты кітапхана қорында бар кітаптар мен мерзімді басылымдарға шыққан мақалалар туралы толық мағлұматтар берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив