KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

100 студент өндірістік тәжірибеден өтті

5.02.2013, 18:00 253


«Ақсай-нан-Өскемен» ЖШС –нде 100 студент өндірістік тәжірибеден өтті. Бір ғасырлық тарихы бар байырғы өндіріс орны ШҚМТУ-дың қайта өңдеу және тамақ өндірісі технологиясы кафедрасымен де тығыз байланыс орнатқан, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Ақсай-нан-Өскемен» ЖШС жас мамандардың ұстаханасы болып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Өскемендегі кәсіптік-техникалық лицейлер мен колледждердің студенттері өз білімдерін осы зауытқа келіп толықтыруда. Осында өндірістік тәжірибеден өтіп, аға буынның бағыт-бағдарымен жұмыс істеп, біліктіліктерін жетілдіруді дәстүрге айналдырған. Былтыр 100 студент осы кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтті. Бір ғасырлық тарихы бар байырғы өндіріс орны ШҚМТУ-дың қайта өңдеу және тамақ өндірісі технологиясы кафедрасымен де тығыз байланыс орнатқан.

– Мен алғашында осы зауытқа «Жол картасы» бойынша жұмыссыз маман ретінде қайта даярлықтан өтуге келген болатынмын. Өскемендегі Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжден қайта өңдеу технологиясы маманы мамандығын алып
шыққан едім. Зауытта алты ай қайта даярлықтан өткен кезде мамандығымның бүге-шігесіне дейін меңгеріп, білуіме мол мүмкіндік алдым. Талай жылдан бері осында еңбек етіп келе жатқан мамандар білгендерін үйретуден жалыққан жоқ. Соның нәтижесінде осы кәсіпорында технолог болып жұмысқа орналастым. Қазір білімімді әрі қарай жалғастырып, ШҚМТУ-да тамақ өнеркәсібі технологы мамандығы бойынша сырттай оқып жатырмын, – дейді зауыт зертханасының технологы, жас маман Дана Ғаниева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив