Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі өз ведомствосында бірқатар кадрлық тағайындауларға қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен өртке қарсы қызметтің полковнигі Сағынбек Сиратұлы Өмірзақов Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен полковник Ерік Қабашұлы Тілеужанов ҚР ТЖМ-нің төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін ол Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған болатын.