KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Қазақстан теннисшілері Дэвид Кубогының ширек финалына шықты

2.02.2013, 18:00 108


Қазақстанның теннистен құрама командасы Дэвис Кубогының ширек финалына шықты деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Р-Спорт басылымы хабарлады.

«Қазақстан спортшысы Андрей Голубев Юрген Мельцерді жеңіп, Қазақстан құрамасын ширек финалға алып шықты» деп жазады басылым.

Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында өткен кездесу 4:6, 6:4, 6:4, 6:2 есебімен Голубевтің пайдасына аяқталды.

Еліміздің теннисшілері бұл ойында 3-1 есебімен жеңіске жетті. Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстанның құрамасы Швейцария — Чехия кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Жарыстар 5-7 сәуірде өтеді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив