KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

"Спартак" клубының жаңа президенті тағайындалды

27.01.2013, 18:00 162


Семей қаласының басшысы Айбек Кәрімовтың қатысуымен өткен кеңейтілген жиында «Спартак» командасының жаңа президенті болып Зейнетулла Ахметов тағайындалды. Ал, «Спартак» футбол клубының бұрынғы президенті Қанатжан Есентайұлы Төлесбаев Семей қаласы футбол федерациясының вице-президенті лауазымына ауысты. «Спартак» командасының директоры болып Андрей Пинчуков танылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімі ақпарат секторының мәліметіне сілтеме жасап.

Семей қаласы футбол федерациясының толық құрамы, «Спартак» футбол клубының басшылары мен бапкерлері жиналған басқосуда «Спартак» футбол клубының бұрынғы президенті Қанатжан Төлесбаевтың атқарылған жұмыстар жайында толық ақпарат берді. Қанат Есентайұлының айтуынша, қазір «Спартак» командасы қалыптасудың толық кезеңінен өтіп, биылғы маусымға дайындық жұмыстарын бастап та кеткен.

«Спартак» командасы өткен жылғы бірінші лига командалары арасында алтыншы орыннан көрінген еді. Ал, бапкерлерге биылғы маусымда өткен жылдағыдан да жоғары нәтижеге қол жеткізу керектігі жүктелген. Дәл қазір жоғары нәтижеге жету үшін команда мүшелері тер төгуде.

Сонымен қатар Қанатжан Есентайұлы команданың жағдайы осыдан екі – үш жыл бұрынғы кезеңге қарағанда әлдеқайда жақсарғандығын атап өтті. Қаржы мәселесі де түбегейлі шешімін тапқан. Команданың ойыншылар алдындағы 64 млн. теңге берешегі де өтелген. Командаға биыл қала бюджетінен 150 млн. теңге қарастырылса, облыс қазынасынан 60 млн. теңге бөлінеді деп жоспарланған. Команданың материалдық – техникалық жағдайы да түзеліп келеді. Арнайы жеке автобуспен қамтамасыз етілген команда мүшелеріне екі және үш бөлмелі екі пәтердің кілті берілген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив