KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады

12.01.2013, 18:00 190


«2012 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері, Семей мемлекеттік педогогикалық институтында жиырма жылдан аса ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан Нәзигүл Ғазизова студенттердің ғылымға ден қоюына, олардың орындаған ғылыми жұмыстарына жоғарғы біліктілікпен және шығармашылықпен қарайды.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, дамыту, адам құқықтары, адам құқықтарының қорғалуы мәселелерін көтеруді өзінің бір міндеті етіп алған ол, қазіргі кезде адам құқықтарын оқыту мәселесімен айналысуда.

Нәзигүл Слямболқызы экономикалық және құқықтық білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына және мектептердің оқу үдерісіне енгізілген 80-нен астам ғылыми жұмыстарын жарыққа шығарды, тәрбиелік жұмысты кафедра, факультет, институттың жоспарына сай студенттермен бірге орындайды.

Білікті ұстаз Семей қаласының әкімдгі жаныңдағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесінің мүшесі,облыс, қала, институт тарапынан ұйымдастырылып тұратын қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене қатысып, алғыстарға ие болып отырады..

Олжас Сүлейменов

Мәлімет көзі Altaynews kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив