KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Құрылыс жұмыстары сағызша созылып келеді

28.12.2012, 18:00 285


Глубокое ауданының Зимовье ауылында салынып жатқан дәрігерлік-әлеуметтік мекеменің құрылысы тұралап қалды. Жауапты мердігер «Құмаров және К» ЖШС ғимаратты 2012 жылдың желтоқсан айында салып бітіруге уәде бергенімен, құрылыс жұмыстары күні бүгінге дейін сағызша созылып келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Дәл қазір нысанда 160 адам екі ауысымда жұмыс істеп жатқанымен де, нысанның ашылуының ауылы алыста екені байқалады.

Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев нысан басында болған кезінде құрылыс жұмыстарына көңілі толмайтынын білдірді. Құрылыстың кестеден кешігуінің басты себебі, аталған фирма өзінің күшін есептемей, облыс бойынша көптеген нысандардың құрылысын алған. Жұмыс қолының аздығынан, сақылдаған сары аязда құрылыс жүргізуге тура келіп отыр. Бұл ешқандай ақтауға келмейтін жағдай екені белгілі.

Нысан басында жүрген өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Мұратбек Темірбаев кестеден кешігуге жер асты су көздерінің себеп болғанын, әу баста құрылыстың орны дұрыс жоспарланбағанын алға тартады. Алайда, ол тілшілердің «бұл нысан қашан бітеді?» деген сұрағына нақты жауап берген жоқ.

Дәурен Аллабергенұлы


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив