KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Оқушыларды Жаңа жылмен цирк кейіпкерлері құттықтап келді

24.12.2012, 18:00 182


Курчатов қаласындағы №3 орта мектебінің ауласында акробат қонжық, қызықты пингвин, керемет үйшік, Аяз ата мен Қаршақыз, теңiз мысығы, дабылшы қоян сияқты тамаша мүсіндермен бірге кішкентай шыршалар да пайда болды. , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл білім ошағы оқушыларының ұшқыр қиялынан туған «Цирк кейiпкерлерiмен Жаңа жылды қарсы аламыз!» атты қар мүсіндерінің композициясы.

Бұл шараға 1–11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты, ата-аналар да сырт қалған жоқ. Балалар қар мүсіндерін жасау кезінде таңғаларлық өнерлерін, қиялдарын көрсетуге мүмкіндік алды.

Мерекелiк көңiл-күй болу үшiн мектептің сырты түрлі-түсті жарқыраулармен, «Жаңа жылдарыңызбен!» атты құттықтау сөздерімен әшекейлендi. Сондай-ақ Жаңа жылғы шараларға мектепті қар қылауларымен, плакаттармен, жарқыраулармен безендіру жоспарланған.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив