KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Студенттер Тәуелсіздік күніне орай қанша күн демалады

27.11.2012, 18:00 219


Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері 10-17 желтоқсан аралығында демалысқа шығады. Ал кейбір оқу орындарында сессия 16 желтоқсанға дейін-ақ аяқталады. Университет өкілдері студенттерге бір апталық демалысты тәуелсіздік күні құрметіне бергенін айтады. Енді бір оқу орыны сессияның ерте аяқталуын "ғимаратты жөндейміз" деп түсіндірген.

Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алып жүрген студенттердің бірі деканаттан келіп, елдің батысынан келген студенттердің тізімін жасағанын айтады.
Мамандар маңғыстаулық студенттерді не үшін тізімдеп жатқанын да айтты.

Әдетте студенттер аралық бақылауды сессия алдында, яғни 10-15 желтоқсанда тапсыруы керек болатын. Бірақ биылғы аралық бақылау ҚазҰУ-да 5-9 желтоқсанда болады екен. Ал 10-17 желтоқсанда бір апта демалыс беріледі.

Деканат "бұл демалыс тәуелсіздік күні мен желтоқсан оқиғасын мерекелеумен байланысты" деп түсіндіріпті. Мереке кезінде студенттер көтеріліске шығып кете ме деп қорқып жатқан сияқты, – дейді студент. Қазақ ұлттық университетінің студенттері 10-17 желтоқсан аралағында демалатынын осы оқу орны өкілі де растады.

– Аралық бақылау 5-9 желтоқсанда болады. Одан кейін бір апта демалыс. Ал сессия 18 желтоқсаннан 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Демалыс тәуелсіздік күніне орай жасалып отыр, – деді университет оқу бөлімінің аты-жөнін айтуды қаламаған маманы.

Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының студенттері де 10-17 желтоқсан аралығында бір апталық демалысқа шығатындарын айтады.
Ал Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ) мен Абай атындағы педогикалық университет (ҚазҰПУ) студенттері сессияны 16 желтоқсанға дейін аяқтауды ойлап жүр.

Университет басшылығы 16 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін оқу ғимараттарын жөндейміз деп жатыр. Тәуелсіздік күнін ауылда өткіземін, – дейді Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенті Бағдат Баймен. ҚазҰПУ студенттері де 16 желтоқсанға дейін сессияларын жауып, ауылдарына қайтатынын айтады.

Қазақ ұлттық университетінің жатақханасында тұратын маңғыстаулық студент Айгүл студенттік кеңес өкілдері келіп, өз есімін жазып алғанын айтады.

– Бөлмемде отырғанымда студенттер кеңесінің өкілдері келіп, "Маңғыстаудансың ба?" деп сұрап, атымды жазып алды. Не үшін маңғыстаулық екенімізді сұрады – ол жағы маған нақты белгісіз. Бірақ кейін естуімше, жатақханада тұратын маңғыстаулық студенттерді тізімге алып жатқанға ұқсайды, – дейді студент.

Университет мамандары студенттерді тізімдеп жатқанын растады.

– Жақында Қазақ ұлттық университетіне Маңғыстау облысы мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі келіп, жақсы оқитын студенттерге арнайы стипендия тағайындайды. Кейбірін грантқа ауыстырады. Сол үшін әр облыстың студенттерін тізімге алып, жұмыс жасап жатырмыз, – деді университет өкілі (есімін айтпауды өтінді).

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив