KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматтар ұсталды

24.11.2012, 18:00 231


Защита стансасы ІІЖб қызмет көрсету аумағында криминалдық полиция қызметкерлері «Учаске» жедел іздестіру шарасын өткізу барысында 2007 жылдың тамыз айынан бастап ҚР ҚК 327 бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген А. есімді азаматты, сонымен қатар, 2012 жылдың қыркүйек айынан ҚР ҚК 175 бабы бойынша іздеу салынған Ф. есімді азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шемонаиха стансасы ЖПП жедел уәкілі полиция капитаны Б. Ахметованың айтуынша, олар Өскемен қаласындағы уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

Сондай-ақ, «Учаске» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде Защита стансасындағы жұмыс паркінде бірнеше күн қатарынан темір жол бөлшектерін ұрлап жүрген П. деген азамат ұсталды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив