KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығыстағы «Шыңқожа» ауылы көркейіп келеді.

22.11.2012, 18:00 172


Аякөз өңіріндегі Шыңқожа батыр ауылы тірек ауылының тізіміне енген. Тоғыз жолдың торабында орналасқан мұнтаздай ғана тірек ауылына облыс бюджетінен 40 млн. теңге бөлініп, жастарға арнап хоккей және футбол алаңдарын, әмбебаб спорт кешені салған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауыл әкімі Әлібек Тоқбаевтың айтуынша, ауылдық округтің кеңсесі ішінде дәргерлік амбулатория орналасқан, іші кең бөлмелері соңғы үлгіде жабдықталып, күндіздізгі статционардың ем-дом алу мүмкүндігі жасалған.Барлық ауыл адамдары тексерістен өтіп, жас бойынша скрингтен өткен денсаулықтары қалыпты. Дәріхана да осы жерде орналасқан. Жаз айларында ауыл жастры мен ересектер демалатын аумағы ат шаптырым саябақ салынған.

1,5 шақырым көше ағымдағы жөндеуден өтіп, 5,5 млн теңгеге жарық орнатылған. Қазір түн баласында «Нарын» ауылы самалдай жарқырайды. Ауыз су мәселесі шешілген,ұялы телефон желісі жұмыс істейді. Бұл ауыл ежелден өнерлі жер, мәдениет үйі ұдайы жұмыс жасайды мұнда өңірдің тарихи жәдігерлері, кітапхана көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасайды, ауыл өнерпазарының жетістіктері жетіп артылады. Мәдениет министрлігінің мәдениет үйіне «халықтық» атақ беруі айтаса да түсінікті. «Нарын» ауылының тұрғындары елдік пен мемілекеттілікті дамудың басты жолы – еңбек деп есептейді 6 шаруа қожалығы өз күндерін өздері көріп, отырғандары бар биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасына алты шаруа жеңілдетілген несие алуға ниет білдіріп, оның екеуі алған жалпы ауылдық округте мал басы жыл санап өсіп келеді, қазіргі есепте тұрған ірі қара 2700, қой 12700бас, жылқы 900бас және жыл сайын қарқынды өсу үстінде шаруа қожалықтары қытымыр қысқа тас түйін дайын отырған көрінеді. Ал өз қаржысымен ауылдың гүлденуіне үлес қосқандары да бар мәселен «Ерғали-к» шаруа қожалығы ның басшысы Ертіс Кенжешов 25млн теңгеге жылы жай салып, алдағы көктемде 30-40 тонна өнім алуды ұйғарып отыр. Ауыл кәсіпкерлері мұнымен тоқтап жатқан жоқ, Ережепов Нұртай наубайхана ашып тұрғындарға күніне 70-80 бөлке нанмен сұранысты қанағаттандырса,Нүкебаев Болқар монша, Ақбаев Әли дүкен салып халықының сұранысын арттыруда.

Ауылдағы «Шыңғожа» батыр атындағы орта мектепте биыл аудан есебінен 12 млн теңгеге ағымдағы жондеуді өткізіп, жаңа электрлендірген жылу қондырғыларын орнатқан мектептің ауасына балалардың түңгі уақытта жүруіне деп, жүз көше шамы орнатылды. Мектептің кіре берісінде ауылдың тұнып тұрған тарихын айғақтайтын не бір жақсылар дың ізі қалған , болмаса осы алтын ұядан тәлім алған түлектерін мақтан тұтатын суреттер анадайдан мен мұндалап тұр.

- Мемілекет жыл сайын алыстағы ауылдарды назардан тыс қалдырған емес, - дейді аудан әкімі Ә.Мұхтарханов. - Биыл үш ауыл тірек ауылының тізіміне ілінсе келер жылдан да үміт мол.

Мәлімет көзі: Қадырбек Кәкімұлы.
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив