KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семей педагогикалық институтының студенттері Тұңғыш Президент күнін атап өтті

22.11.2012, 18:00 263


Тұңғыш Президент күніне орай білім ошағымыз Семей мемлекеттік педагогикалық институт қабырғасында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен ауқымды іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Дәлірек айтсақ, «Жастар жаңа қоғам көшбасшысы» атты дөңгелек үстел, КТК ойындары, спорттық жарыстар, «New art» атты жас таланттар сайысы, «Parasat CUP» бірінші курстар арасындағы дебаттан турнир, «Фристайл» би байқауы ұйымдастырылды.

Өткізілген шараларға студент-жастар ерекше белсенділік танып қатысты. Жас өрендер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатын жүргізуінің арқасында бүгінгі күнгі жастарға бөлінген көңілдің мемлекет тарапынан атқарылып жатқан қамқорлық жұмыстары шексіз деп өз алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының музыкалық білім беру кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының өнер қайраткері, Астана- Бәйтерек Ұлттық конкурсының лауреаты - Айтмұхамет Бейсембеков «Қазақтың Тұңғыш Елбасы» атты әнін арнады. Әнді институтымыздың 4 курс студенттері, өңірімізге танымал «Шығыс алауы» тобы орындады. Сондай-ақ, институттың №2 оқу ғимаратында ашылған кинотеатрда Елбасының балалық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» деп аталатын көркем фильм көрсетілуде. Фильімнің алғашқы көрермендері бірінші курс студенттері, Монғолия елінен келген қандастарымыз және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Корея еліндегі Джионгсанг Ұлттық университетінің студенттері тамашалады. Тұңғыш Президент күні «Жасай бер, жаса Қазақстаным!» атты ауқымды іс-шарамен жалғасын таппақ.

Елбасымыз аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Ата- бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтерді. Қазақстан - жас мемлекет. Республика халқының орта жасы 35-ті құрайды екен. Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Ал, сексен жылдық тарихы бар педагогикалық институт жастары Елбасының жан-жақты болуға, спортпен шұғылдануға, өнерлі болуға, шетел тілдерін меңгеруге, отандық және әлемдік әдеби мұраны терең меңгеруге шақырған өсиеттерін орындап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуда.

Мәлімет көзі: Анар Қуанғалиева
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив