KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Зайсандық Латвия төрінде көк байрағымызды желбіретті

22.11.2012, 18:00 101


Латвия Республикасының Талси қаласында гир көтеру спортынан өткен әлем біріншілігінде жерлесіміз, зайсандық Нұрлан Ибраев тоқсан келі салмақ дәрежесінде топ жарды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Белгілі жаттықтырушы Әділ Әбдіғалиевтен тәлім алатын Нұржан бұған дейін ел аумағында болған түрлі сайыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүрген спортшы. Атап айтсақ, ол облыс Әкімінің атындағы ХVІ халықтық спорт ойындарының, Тараз қаласында өткен республикалық жарыстың чемпионы атанған.

Енді, міне, Тәуелсіз еліміздің көк байрағын Латвияның төрінде желбіретіп, Әнұранымызды әуелетіп қайтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив