KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жекпе-жек алаңында Жұмабек қазақтың баяғы батырларындай қайрат көрсетеді

22.11.2012, 18:00 164


Жақында Қытайдан тағы бір қазақ жігітінің үлкен спортта жүлде алып жүргенін естідік. Қытайдың солтүстігінде орналасқан Іле Қазақ Автономиялы облысының Күнес ауданында 1986 жылы дүниеге келген Жұмабек Тұрсынұлы деген қандасымыз бұл күнде ережесіз жекпе-жектен алдына жан салар емес, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жұмабектің бойы – 1,72 см, салмағы – 60 келі. Ол қазір бүкіл қытай еліне «Айбарлы жолбарыс» атағымен танылып үлгерді. Жұмабек ережесіз жекпе-жектен бүгінге дейін 25 рет ақтық шайқасқа шығып, бәрінде жеңіске жеткен. Тек Қытай «мықтыларын» емес, Таиланд, Оңтүстік Африка, Ресей елдерінің де спорт шеберлерін тізе бүктірген. Ол туралы қытай журналистері былай деп жазыпты: «Жұмабек дене бітімі кішкене болғанымен, нағыз қара күштің иесі. Көп кездесулерде өзінен әлдеқайда денелі қарсыластарын тізе бүктіреді. Жұмабек қазақтың баяғы батырларындай, жекпе-жек алаңына шыққанда көкжал қасқырды елестетеді. Ол сондай-ақ, бокс пен күрес техникасын жетік меңгерген. Сонымен бірге, қара күштің ғана емес, керемет шеберліктің де иесі».

Жұмабек Тұрсынұлы туралы ақпаратты естігеннен кейін, ғаламтордан төбелесіп жатқан бейнероликтерін іздеп тауып, қарап шықтық. Шынымен қытайлар айтса айтқандай, нағыз батыр екен. Қарсыластарын жайратып тас-тап, жеңіс төрінде қазақтың «Қара жорға» биін билегенде еріксіз разы боласың.

Бір жарым миллиард қытайдан бүгінде бір Жұмабекті жеңетін ешкім табылмапты. Міне, нағыз батыр деп осыны айт. Ол Қытайдағы Legend FC чемпиондық атағын да жеңіп алыпты. Бұл атақ кез келген адамға бұйыра бермейді екен. Қазір RUFF чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жүр (чемпионат ішіндегі рекорды – қатарынан 5 жеңіс!). Тіпті, келесі жылы өтетін Super Fight 2013 жарысына жолдама алып қойған екен. Ел ағалары осындай бауырларымызды елге оралуына титтей болса да, өз көмектерін тигізсе дегіміз келеді.

Мәлімет көзі: Күнсұлтан ОТАРБАЙ




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив