KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Бесқарағай ауданы Долон ауылында мерекелік шара өтті

19.11.2012, 18:00 119


Бесқарағай ауданында Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің күніне орай іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осындай шараның бірі жуырда Долон ауылында өтті. Ауыл мектебінің акт залында «Керуен көші» шеңбері аясында өткен бұл шараға ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Мерекелік жиында ел тәуелсіздігінің мән-мағынасы, Елбасымыздың ішкі және сыртқы саясаттағы бет-беделі туралы сындарлы сөз қозғалды.

Жиын соңында аудандық мекеме басшылары мен мамандары ауыл тұрғындарының сұрақтарына тиянақты жауап берді. Ал қайсыбір көкейкесті мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.

Бұдан кейін кездесу соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ойын-сауығына ұласты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив