KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде жергілікті мәдениет бөлімінің әртістері нәпақыларын ала алмай жүр.

13.11.2012, 18:00 77


Өскеменде жергілікті мәдениет бөлімінің әртістері еңбек ақыларын ала алмай жүрген көрінеді. Әншілер, бишілер мен концерт жүргізушілер екі жылғы әр түрлі қалалық іс-шараларға қатысқандары үшін 30 миллиондай еңбек ақыларын төлемепті, деп хабарлайды КТК телеарнасы мәліметіне сілтеме жасаған Аltaynews.kz тілшісі. Олардың ойынша, әртістердің нәпақысын сұғанақ шенеуніктер алып қойса керек.

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Азамат Мұхамедчиновтың айтуынша, «бір миллион, екі миллион алашағымыз бар деген әртістердің қолында келісім шарттары жоқ» көрінеді. Ал әртістер болса, мерекелерде қалада өтетін іс-шараларға қатысудан бас тартып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив