KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қазақстандық дәрігерлер туберкулезді емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты

13.11.2012, 18:00 143


Біздің дәрігерлер құрт кеселін емдеуде әлемнің ешбір елінде қолданылмаған жаңа тәсілді ойлап тапты. Арнайы имплантант науқастың өкпесіндегі тесіктің бетін жабады. Силиконнан дайындалған зат осыған дейін 6 адамға орнатылыпты, деп хабарлайды Nur.kz ақпаратына сүйенген Аltaynews.kz тілшісі. Бұған дейін өкпеге жасалған ота салдарынан науқастардың көбінің қабырғасы қисайып, жүрісі өзгерген. Дәрігерлер енді бұл әдіс ондай олқылықты болдырмайды,- деп сендіреді.

Сондай-ақ, жақында дәрігерлерімізге Новосібір хирургтары түберкүлезді емдеудің тағы бір жаңа әдісін үйретті. Алқым жапқыш атты резіңке тектес құрылғы өкпедегі тесікке бекітіледі. 5 жылға дейін жарамды.

- Бұл арнайы резіңке бүгінге дейін, тек Ресейде пайдаланылып келген. Өкпедегі тесікті бітеумен қатар ашық орынды толықтырады. Қазір, басқа мемлекеттер қызығушылық танытуда. Қазақстандық хирургтармен тәжірибемізбен бөлістік. Жасалған операциялардың 80 пайызы сәтті болды,- дейді Новосібір туберкулез орталығының директоры Александр Краснов.

Әзірге біздің елде де бұл құрал 50 адамға қойылыпты. Құны мың доллар тұрағанымен,ота тегін жасалады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив