KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда қара магияға деген сұраныс артты

8.11.2012, 18:00 108


Қара магияны қолданатын қара ниеттілер қаптап барады. Салдары - сананы сиқырлайтындар мен диуана дуашылардың қызметіне сұраныс артқан.
"Құмалағым ақ сөйле" дейтіндердің басым бөлігі базар маңын жағалайды. Болашаққа болжам жасайтындарға мұнда таңдау көп. Кейбірі құмалаққа, енді бірі картаға жүгінеді. Олардың базар жағалауының жалғыз себебі бар, өйткені, мұнда олардың қызметінің тұтынушысы көп, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Шын мәнінде, қара базар жағалағандардың басым бөлігі, бизнесінің дөңгелеп кетуі үшін, көріпкел, емші, маг атаулыны маңайлайтын көрінеді. Бірақ көп жағдайда олардың жолдары бола бермейді екен...
Ғаламның тылсым құпиясын ашу жолында жиырма жыл ізденген ғалым, әсіресе, "қара күштен құтқара көр" деп келетіндер көбейіп кетті деп қапалы. Оның ақырынан қауіптенеді, сананы сиқырлау - мәңгүрттікке апарар жолдың басы,- дейді ғалымдар.

Расында да, елімізде гипноз, яғни көз байлау ілімін оқытатын арнайы оқу орны болмаса да, қара күшпен басқаның бақытын бағындырып жүргендердің жарнамасы жер жарып тұр, ғаламтор беттерінде... Оқыған адамның жаны түршігеді, өздерін қара магияның құдыреті санайтындар үшін басқаның бақытын тартып алу түк емес.

Өзгенің отбасын ойрандай салуға да әзір. Тек - ақысын төлесеңіз болғаны.
Яғни сананы сиқырлау тәсілінің барын - ғалымдар жоққа шығармайды. Өкініштісі сол - қара күш біздің қоғамда жат құбылыс болудан қалған...

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив